Әжетханаға барған келіншекті белгісіз біреу зорлап кеткен

Келіншек күдіктінің көшедегі әжетхана маңында аңдып тұрып, тарпа бас салғанын айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Алматы облысы, Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғынын біреу көшедегі әжетхана маңында зорлап, артынша тонап кеткен.
Оқиға Жамбыл ауданында кешкі уақытта болған. Көшедегі әжетханаға кірген келіншекті бір жігіт аңдып тұрыпты. Артынша шыққан бетте тарпа бас салып, зорлап, тіпті тонап кеткен. Жәбірленуші кейін полицияға болған жағдайға байланысты арыз түсірді.
Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, оқиға болған күннен кейін бірден күдіктіні іздеу жұмыстары басталған. Келіншектің ұялы телефоны ұрланыпты. Шамамен арызда жазылған дәйектермен бұрын 3 мәрте ұрлық, тонау деректері бойынша сотталған Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды.
33 жастағы күдікті бұған дейін үш рет сотталған. Жедел іздестіру барысында ол ұсталып, полиция департаментіне жеткізілді. Жәбірленуші өзіне зорлық көрсеткен азаматты таныды. Ұрланған ұялы телефоны өзіне қайтарылды, — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Күдікті уақытша ұстау қапасына қамалған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) және 191-бабы (тонау) бойынша тергеу жүргізілуде.





