Бостандық ауданы жемқорлықпен күресті өздерінен бастады

Бостандық ауданы жемқорлықпен күресті өздерінен бастады

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі , сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша бүгінде Алматы қаласының Бостандық ауданында біршама жұмыстар атқарылуда. Өткізілген шаралар жөнінде Бостандық аудандық баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, қала тұрғындарының да ұдайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру маңызды болып отыр.
Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша аудан аумағында билбордтар Сәтбаев көшесінде Орталық стадионға қарама-қарсы және Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында, Тимирязев көшесі Байзақов көшесінің қиылысында, Тимирязев пен Маркова көшелерінің қиылысында, Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысында, Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында орналастырылған. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мобильді ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, аудан тұрғындарымен кездесулер де өткізілуде. Ауданға қарасты Жоғары оқу орындарында да жемқорлықпен күрес мамандарымен кездесулер өткізілуде. Ондағы мақсат жастарды барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" атмосферасын жасауға тарту болатын.
"Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі ұдайы қатысып, аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағыт бағдарына баға беріп отырады. жиынға қатысқан тұрғындарға да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті екендігі жайында түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ ауданның барлық мектептерінде "Сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің мәселелері және шешу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстелдер өтуде. Оқу жылы бойы ұстаздар ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: тәрбиеленушіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде жұмыс» атты тақырыптарында жиындар өткізілді. Сонымен қатар, «Тенңқұқықтылық деген не?», "Сыбайлас жемқорлық неге әкеліп соғады?", "Көмек үшін қалай дұрыс алғыс айту" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Жаңа оқу жылы басталысымен барлық аудан мектептерінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік атты тақырыптық сынып сағаттарын, дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр.

Қуаныш ЕРМЕКОВА

 

 

 

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста