Дикий Арманның жақын танысы бір үйдің жалғыз баласын өлтіріп, небәрі 8 жылға сотталды
Талдықорған соты екі рет сотталып, үшінші рет адам өлтірген қылмыскерге бар-жоғы 8 жыл жаза кесті. Қазір жалғыз баласынан айырылған Кенжегүл Мұсаханова мұндай жеңіл үкіммен келіспеймін деп, әділдік іздеп жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Информбюро"-ға сілтеме жасап.
Жалғызбасты ананың айтуынша, Сұңғат Қабдолдаевты 18 жерінен пышақтап, құлағын кесіп өлтірген қылмыскер «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің жақын танысы екен.
Мына қаз- қатарынан жайылған мақтау грамотасы, медель мен алғыс хаттардың барлығы 25 жасында досының қолынан қайтыс болған Сұңғаттың жеткен жетістіктері еді. Жалғыз баласынан айырылған Кенжегүл Мұсаханова ұлының полицияда да қызмет етіп, самбо, дзюдодан мықты болғанын айтады. Әркез достарының алдында жүретін ұлы шаңырақ та көтеріп үлгермепті. Енді баламды азаптап өлтірген қылмыскер лайықты жазасын алмайынша, жаным тыным таппайды дейді, - марқұмның анасы.
КЕНЖЕГҮЛ МҰСАХАНОВА, Марқұм Сұңғат Қабдолдаевтың анасы:
– Екі рет сотты болған адамды 8 жылға бірінші рет сотталып отырғандай соттап отыр. 18 жерден пышақтап, тіпті құлағын кесіп, құлағы тігуге жарамай қалды моргта. Оны бауыздайын деген ғой деймін. Баламның шашы бәрі жалма-жұлма. Бұл жерде қандықол «Дикий Арманның» достары дейді.
Прокуратура сотталушы Ерназ Мақұлбаевтың бұған дейін екі рет істі болғанын растады. Бірінші рет қылмыскер кәмелеттік жасқа толмай тұрып тонау дерегі бойынша сотталса, ал екінші рет бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Ал Кенжегүл Мұсаханова баламды өлтірген адам екінші қылмысын толық өтемей жатып, үшінші қылмысқа барды. Бірақ бұл жайтты сот та, прокурор да ескермеді дейді. Сонымен қатар, үшінші рет қылмыс жасаған адамға жеңіл жаза бергендері, соттың қай сасқаны деп күйінеді. Сондықтан апелляциялық шағымда бұл жайттардың барлығы ескерілсін деп талап қояды.
МӨЛДІР МҰХАМЕДЖАНОВА, Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі:
– Алматы облыстық сотына жәбірленушіден де, сотталушыдан да шағым түскен. Алайда сотталушының шағымы тікелей апелляциялық шағымы тікелей Алматы облыстық сотына жолдануына байланысты бүгінгі таңда қылмыстық іс бірінші сатылы сотқа жолданды. Барлық құжаттар тиісті түрде рәсімдеп, барлық мән-жайлар қарастырылып, толыққанды құжаттар дайын болған кезде Алматы облыстық сотына жолданатын болады.
Ал прокуратураның ауызша жауабы бойынша, қылмыстық іс адам өлтіру бабынан, денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабына ауысқан. Себебі сотталушының Сұңғатты өлтіремін деген ойы болмаған. Ол қаңсырап тұрған адамды ауруханаға жеткізу үшін көлікке салып жіберген және полицияға кінәсін мойындап өзі келген деп түсіндірді. Сондай-ақ, сотталушының ісі бойынша ол 8 жылдан 13 жылға дейін сотталады. Бірақ Ерназ бұған дейін де екі рет сотты болғандықтан прокуратура тарапынан да жазаны қатаңдату бойынша аппеляциялық шағым түсірдік деді.Ал бұл Сұңғат пен оны өлтірді деп сотталған Ерназдың бірге түскен суреті. Себебі, екеуі бала күннен бірге өскен, бір мектепте оқыған. Сұңғаттың анасының сөзінше, жазасын өтеуші досын балағаттағаны үшін пышақтаған екен. Ал бұл видео Сұңғаттың анасына жіберген соңғы жазбасы.