Екібастұздық әйел балабақша күзетшін өлтірді деген күдікке ілінді

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен әйел адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде мамыр мерекелерінде балабақшалардың бірінде жұмыс орнында күзетшіні өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел адам қамауға алынған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».





