Елордалық полицей балаларды тапаншамен қорқытқан ер адамды ұстады (видео)
Елордалық полицей балаларды тапаншамен қорқытқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 маусымда кешке сағат 20.00-де астаналық полиция қызметкері 51 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол Шү Уәлиханов көшесінің бойында балаларды тапаншамен қорқытқан.
«Полицейге аулалардың бірінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала жүгіріп келіп, тапаншамен қорқытқан ер адам туралы хабарлаған. Полиция аға сержанты Руслан Шмидт бұл туралы әріптесіне хабарлап, балалар айтқан жерге қарай барады», делінген хабарламада.
ЖПҚ патрульдік полиция полкінің аға сержанты Руслан Шмидт ер адамды сөзге тартып, қолайлы сәт туғанда арнайы әдіспен тәртіп бұзушыны жерге құлатады. Сол сәтте оған аға лейтенантыЖандос Өзбек көмекке келеді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық тексеру ер адам мас күйде болған көрсетті», делінген хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарға оқиғаны уақытылы хабарлағандары үшін және ұстау кезінде көмек көрсеткендері үшін алғыс айтады.