Ирак түрмесінде отырған 6 қазақстандық аштық жариялады

Ирак түрмесінде отырған 6 қазақстандық аштық жариялады

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жақында Ирактан қазақстандық балаларды әкелу үшін арнайы "Русафа" операциясы жүргізілгенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Ол балалар - Иракта өмір бойына сотталған Қазақстан азаматтарының балалары.

 

- 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде бірнеше шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары арасында қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазақстандық 6 әйел Русафа түрмесінде аштық жариялады. Тұтқындар экстрадициялау ісін тездетуді талап етіп отыр, -  дейді Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

 

Аштық Иракта рақымшылық туралы заңға қол қою туралы қауесеттердің тұсында басталды. Болжам бойынша, Ирак билігі биыл барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қоюды жоспарлап отыр.

 

Айта кетейік, рақымшылыққа іліккендер бұл елде жаза мерзімінің үштен бірін өтеуге тиіс. Бұл мекемеде ДАИШ лаңкестік ұйымына қатысқаны үшін сотталған Қазақстанның алты азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Жалпы наразылық білдірушілер әділетсіз үкімдерге, терроризмге қатысты негізсіз айыптарға және қамаудағы нашар жағдайға шағымданып отыр.

 

- Иорданиядағы елшілігіміздің бастамасымен 26 сәуірде "Русафа" түрмесінің судьясымен және ЮНИСЕФ-тің Ирактағы өкілдігінің балаларды қорғау жөніндегі маманымен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде ҚР азаматтарының құқығын сақтау туралы келісімге қол жеткіздік. Біз бұл ақпаратты қадағалап, бақылауда ұстаймыз, - деді Айбек Смадияров.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста