Көкшетауда жігіт пен қыз сыбайласып, бойжеткендерді алып қашып, секс-құлдыққа салған

Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі жас адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сотқа сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны 20 жастағы таныс қызбен сыбайласып, қыздарды алып қашып, клиенттерге жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бас тартқан жәбірленушілерді бопсалап, зорлық-зомбылық көрсетіпті.
Полиция қос қылмыскерді ұстап, оларға қатысты бірнеше іс қозғады. Сот жабық түрде өткен.
Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты бопсалап, зорлық-зомбылық жасап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, адамдарды ұрлағаны үшін ер адамды айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал сыбайласы 3 жыл жазасын колонияда өтейді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу