Көлік ұтып алдыңыз: Астаналықтар алаяқтарға 500 мыңнан 14 млн теңгеге дейін қаражат аударған

Көлік ұтып алдыңыз: Астаналықтар алаяқтарға 500 мыңнан 14 млн теңгеге дейін қаражат аударған

Алаяқтар астаналықтарды сыйлыққа көлік беремін деп алдап кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады. Ер адамдар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізіп, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырып, тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын хабарлаған. Бірақ қалаған жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған.

 

Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражатты жіберген. Қазіргі уақытта қаскүнемдер интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдіктелуде.

 

Күдіктілер қамауда отыр. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-шы бабының 2 бөлігіне сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды және  ақша жөнелту кезінде қырағы болуды ескертеді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста