Корей азаматы Алматының қақ ортасында секс-притон ашып алған

Корей азаматы Алматының қақ ортасында секс-притон ашып алған

Корей азаматы Алматыда шетелдіктерге арналған секс-притон ашып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Жалға алынған жеке үйде жезөкшелердің притонын ашқан адам Оңтүстік Кореяның 47 жастағы азаматы болып шықты. Ол ЖШС директоры екен. Полицейлердің айтуынша, ол үйді караоке-бар ретінде ашқан. Бұл мақсатта күдікті қаланың қақ ортасында зәулім үй жалдап, сенімді адамдарынан құралған көмекшілерін жұмысқа қабылдаған. Бұл "барда" тек шетелдіктерге қызмет көрсетілген. Ақысы да шетел валютасында төленіпті.

"Корей азаматы Қазақстан азаматтарынан құралған тобымен сақтық және қауіпсіздік шараларын қатты қадағалаған. Әр адамның өз рөлі болған. Мәселен, Алматы облысының 45 жастағы тұрғыны ЖШС-да директор ретінде есепте болып, персоналдың жалақысын төлеумен айналысқан, сонымен қатар, ЖШС-ның заң және қаржы мәселелерін шешкен. Ал Жамбыл облысының 51 жастағы тумасы "караоке-барда" күзетші болыпты. Ол мекемені күзетіп, тек тексерілген адамдарды кіргізген. Бұл қылмыстық ортада 29 жастағы азаматша бардың әкімшісі ретінде жазылса да, интим қызметін ұсынатындардың кастингін өткізген. Мекеменің ішінде әйел "мадам" деп аталған. 20 жастағы азаматша болса мекеменің касса қызметінде жұмыс істеген. Жедел және арнайы шараларды жүргізудің қорытындысында түскен мәлімет бойынша, ол клиенттерден ақша алған. Жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсету бағасы 100-300 доллар аралығында", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков.

ҚР Қылмыстық кодексінің 309-юабының 2-бөлігі бойынша Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оңтүстік Корея азаматы Қылмыстық кодекстің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста