Оралда кәмелетке толмаған қыз жезөкшелікпен айналысқан

Оралда кәмелетке толмаған қыз жезөкшелікпен айналысқан. Бұл әрекеттері үшін күдіктілер 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.
БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қаладағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізді.
Жезөкшелікпен айналысқан Орал қаласының екі тұрғыны ұсталды, олардың арасында 17 жастағы қыз да бар. Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интимдік қызмет көрсету үшін 39 және 37 жастағы екі азаматтың атынан шыққан. ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Сонымен қатар, мән-жайды анықтау барысында жалдамалы пәтерлердің бірінде 53 жастағы әйел 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелегені анықталды. Бұл әрекеттері үшін күдіктілер 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ПД қызметкерлері.





