Оралда кәсіпкерді өлтірген сақалды жігіт ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірген сақалды жігіт ұсталды

Оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деп айыпталған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер департаменті растады. Құзырлы орган әзірге өзге ақпарат таратқан жоқ.

 

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерге қастандық жасалған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

 

Онда 49 жастағы Еркін Мұханғалиевтің екі жігітпен дәмханада сөйлесіп отырғаны таспаланған. Кейін қос тараптың арасында жанжал туындап, екі жігіттің бірі кәсіпкерді пышақтап тастады. Осыған қарамастан ол терезеден шығып үлгіреді. Бірақ күдіктілер көшеде тағы бірнеше рет пышақтайды. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

 

Бейнетаспа Facebook қолданушысы Азамат Сарсенбаевтың парақшасында жарияланды.

 

Алдын ала болжам бойынша жанжал қордаланған қарызға байланысты туындауы мүмкін.

 

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекші маманы:

 

- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айта кетейік, аталған азаматтың деструктивті діни ағымдарға қатысы анықталған жоқ. Күдікті кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген. Уақытылы оның айлық жалақысы төленбегені үшін араларында жанжал басталған.

 

Оқиғаның видеосы: (21+)

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста