Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Орал қаласының Надежда көшесіндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
"24 сәуірде сағат 11:31 шамасында тұрғындардан хабарлама түсті. Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылған. Нәресте - ер бала", - дейді ПД баспасөз қызметі.
 
Абырой болғанда ол аман. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру" бабымен тергеу басталды.


Дәргерлер Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың қатты тоңып қалғанын айтты.


"Нәрестенің қазіргі жағдайы орташа ауыр. Қатты тоңған. Салқын тиген. Оған қоса гипоксиясы, жүрегінде ақауы бар. Әзірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тиісті ем алып жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Дәрігерлердің айтуынша, баланың салмағы 2990 гр, бойы 52 см. Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі бойынша бауыр паренхимасындағы орташа өзгерістер анықталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста