"Өзіңнен баста" жемқорлықпен күрестің бір тәсілі

Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бір бағыты жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мүлкін жария етуіне тікелей байланысты. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасына сәйкес «Нұр Отан» Республикалық партиясы «Өзіңнен баста» акциясын да өткізген болатын.
Осы орайда өткен жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және мемлекеттік секторларда мемлекеттік қызметшілердің және басшылардың табыс активтері туралы ақпаратты Бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарға жариялау мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі мен оның орынбасарлары «Өзіңнен баста» республикалық акция аясында өзінің табысы жөнінде мәліметтерді жариялаған болатын.
2016 жылғы табыстары мен мүлкілері туралы мәлімет:
Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы, Бостандық ауданының әкімі
- есептелген кірістері: 6 588 525 теңге
- жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ
Агибаев Саят Болатұлы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары
- есептелген кірістері: 3 412 623 теңге
- жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ
Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары
- есептелген кірістері: 3 467 636 теңге
- жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ
Адилбаев Серік Бикенұлы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары
- есептелген кірістері: 2 917 687 теңге
- жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ
Аталмыш ауданның жергілікті басқарушы орган қызметкерлері бұл мәліметті жеке сайттарында ашық жариялап, өздерінің ашықтық пен жариялылықты қолдайтындарын анық аңғартты.
Қуаныш ЕРМЕКОВА





