Қарағандылық 85 жастағы кейуана ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Қарағандыда 85 жастағы кейуана өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуір айының соңында полицейлер 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы мәйіттің жанында болған.
«50 жастағы ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылды. Мәйіттің жанында оның 85 жастағы анасы болған. Анасы мен баласы полицияда есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды» деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінен.
Қылмыстық істің тергеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша жүргізілуде. Полицейлер қылмыстың себебін анықтауда.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу