Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды
"Жусан" операциясы арқылы Сириядан оралған Ақтөбе тумасының экстремистік және радикалды сипаттағы ақпарат таратқаны анықталды. Сот әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды.
29 жастағы Зарина Ақмалаева 2014 жылы кәмелеттік жасқа толмаған қызымен Сирияға кетіп қалған, деп хабарлайды mgorod.kz.
Қазақстанда тыйым салынған экстремистік және террористік топтардың қатарында Сирияда соғысып жатқан радикалды исламистердің ықпалына түскен әйел әуелі елордаға жетіп, әрі қарай ұшақпен Түркияға аттанды, ол жақта заңсыз Сирияға өтеді.
"Зарина Ақмалаева терроризмді насихаттау мен дінаралық алауыздық тудыруға бағытталған илсамның радикалды ағымын уағыздаған. Дін ұстанатын басқа адамдардың санасын улау мақсатында радикалды және экстремистік сипаттағы аудио және видеороликтерді әдейі таратқан. Байланыс желілерін пайдалана отырып, бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қасақана ауыр қылмыс жасады", - деді мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қали сот отырысында.
Зарина Ақмалаева отанына екі баласымен оралды. Оларды Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аумағынан әйелдер мен балаларды қайтаруға бағытталған "Жусан" операциясын жүргізген сарбаздар құтқарыпты. Сараптама келіншектің екінші сәбидің анасы екенін растады.
Тергеу барысында да, сотта да әйел қылмысын мойындап, соның арқасында процестік келісімге қол жеткізді.
Дегенмен, 26 шілдеде Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық соты келіншекті айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, шағым түсіруге мүмкіндік бар.
Сотталушының қыздары әжесінің қамқорлығына берілді.