Сот қалалық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына 45 млн теңге айыппұл салды

Сот қалалық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына 45 млн теңге айыппұл салды

Пара алып, сотты болған Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкім шығарды.

Қызметін асыра пайдаланып, мектептердегі асханаларды жалға алған жеке кәсіпкерден 1,5 миллион теңге талап еткен экс-шенеунік енді мемлекетке қомақты қаржы қайтаратын болды. Бастапқыда, бұл айыппұл 90 миллион теңге делініп, соңында тиісті теңге 45 миллионға бір-ақ шегерілген. Үкімнің мұншалықты «бұйдалануын» анықтауға тырыстық…

Ғабит Нысанов — Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары. Бұл қызметтегі «дәурені» небәрі — 7 айға ғана жалғасты. Дәлірегі, 2019 жылдың ақпан айында қызметі мен құзыретін асыра пайдаланып, қала мектептердегі асханаларды жалға алған жеке кәсіпкерден жалға беру мерзімін ұзартып беремін деп 1,5 миллион теңге пара алған тұста ұсталды. Осылайша, 4 ай бойы «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылған Нысановқа қатысты үкім әл-Фараби аудандық сотында оқылды. Ол мемлекетке қомақты қаржы қайтаруға міндеттелді. Бірақ, бастапқыда, бұл айыппұл 90 миллион теңге делініп, соңында екі есе қысқарып кеткен.

Ғани Байарыстан, әл-Фараби аудандық сотының судьясы: «Нысанов Ғабит Тұрсынбайұлын ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы баппен мүлкі тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте, кеден саласы, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі — 50%-дан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционерлі мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, ҚР ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігін ескере отырып, параның 30 (отыз) еселенген соммасы мөлшерінде, яғни 45 000 000 (қырық бес миллион) теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Ал 45 000 000 (қырық бес миллион) теңгенің тағайындалу себебі — сотталушымен прокуратура арасында кінәні мойындау келісімі жасалған. Мұндайда осындай жаза тағайындалуы көзделген. Яғни, сотталушы Ғ. Нысановтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындауын, кінәні толық мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасауда қылмыстық процестік заңнамасының талаптары сақталғанын негізге ала отырып, сотталушыға осы келісімде белгіленген жазаны қолдану қажет деп табады».

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, білім саласындағы жемқорлық жоғарғы орындардың бірінде. Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің айтуынша, әсіресе басшы қызметтегі лауазым иелерінің кәнігі параны құрмет пен алғыс немесе міндетті таралғы деп талап етуі тыйылмай тұр. Сөздеріне сенсек, ішкі істер органдары мен жергілікті әкімдіктің өкілдері бұл тізімде көш бастаған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыблайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұсынған мәліметіне сай, 2018 жылы Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген 98 адам анықталып, 85 айыпталушының ісі сотқа жолданды.

Ресми мәліметке сүйенсек, жемқорлық қылмыстарының дені де осы пара беруге қатысты орын алған. Бұл бойынша — 44 (45%) жәйт тіркелген-ді. Оның 20-сы сотталды. Ал пара алушылар қылмысы — 27-ге теңескен. Яғни, 28 %. Қазір 4 тұлға темір торға тоғытылып, жазасын өтеп жатыр. 

kz.otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста