Шымкентте телефонды балға батырып, абақтыға өткізбек болған – видео

Шымкентте телефонды балға батырып, абақтыға өткізбек болған – видео

Шымкент тұрғыны телефонды балға салып, колонияның ішіне өткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, 25 жастағы ер адам Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа колонияға бал салынған банка берген.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Аслан Оразаметовтің айтуынша, сәлемдеме жіберетіндердің айла-тәсілі көп.

Жазасын өтеп жатқан адамға сәлемдеме әкелген ер адам өзін ұстамды, сенімді етіп көрсеткен. Бірақ балдың банкаларын тексергенде, ер адам қобалжыған. Содан кейін пластикалық банка мұқият тексерілді. Банканың түбін қолмен ұстағанда түбі біркелкі емес, кейбір жері жұмсақ екені байқалған.

Жедел уәкіл банкадағы балды пакетке құйды. Банканың екінші түбі анықталып, онда оралған 3 жаңа ұялы телефон мен 3 SIM-карта табылған. Жас жігіт екі осындай екі банкамен 6 телефон мен 6 SIM-картаны өткізуге тырысқан.

Материалдар жинақталып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Енді 25 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша 10 АЕК-ке (34500 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста