Тінту тәртібі қандай?

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай тәртіпте жеке тұрғын үйлер мен адамның өзін қарап, тексеріп, тінте алады? Оның заңдылығын қалай біле аламын?
А.Таласов,
Шымкент қаласы
Бұл құқықтарыңыз бұзылған жағдайда сотқа немесе прокуратураға жүгінуге болады. Конституция бойынша тұрғын үйге қол сұғылмайды. Бірақ, мынадай бір ескерту бар – тексеру және тінту жүргізу үшін тұрғын үйге кіруге жол беріледі, бірақ, қызметкерлер сіздің тұрғын үйіңізге кіру және тексеру немесе тінту жүргізу үшін, оларда тергеу судьясының тиісті санкциясы болуы тиіс. Мынаны білуіңіз керек – бұл әрекеттер тергептексерілетін қылмыстық іс шеңберінде ғана
жүргізілуі мүмкін. Сондықтан, бірінші кезекте тергеу судьясы санкция берген қарап тексеру, тінту жүргізу қаулысын міндетті түрде сұраңыз. сондайақ, заңда соттың рұқсатынсыз тұрғын үйді қараптексеру немесе тінту жүргізілуі мүмкін ерекше жағдайлар қарастырылған. Егер судьяның санкциясы болмаса және қызметкер ерекше жағдайларға сілтеме жасаса, қаулыны мұқият оқып танысыңыз. Бұл қаулыда тергеу судьясының санкциясынсыз аталған тергеу әрекеттерін
жүргізудің негізі көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, одан кейін материалдар міндетті тәртіпте бір тәулік мерзімінде прокурорға жолданады. Прокурор, оларды дереу тексереді және заңдылықты тексеру үшін тергеу судьясына жібереді. Егер
прокурор қарап тексеру немесе тінту заңбұзушылықтармен жүргізілгенін анықтаса, материалдар тергеу судьясына жіберілмейді және оның заңсыздығы туралы дәлелді қаулы шығарылады. Тергеу судьясы жүргізілген қарап тексерудің немесе тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеледі. Егер жүргізілген қараптексерудің заңдылығы туралы шешім қабылданса, оның нәтижелері іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберілмейді. тұрғын жайды қараптексеру немесе тінту кезінде, онда тұратын кәмелетке толған адам (бұл мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері), ғимарат пен ұйымның аумағында олардың әкімшіліктерінің өкілдері қатысуы керек.
Алаш айнасы





