"Тоғыздағы немересін төсекке тартпақ болды". Алматылық әйел қайын атасынан күдіктеніп отыр

"Тоғыздағы немересін төсекке тартпақ болды". Алматылық әйел қайын атасынан күдіктеніп отыр

Алматылық Перизат Шағанаева қызына қайын атасы тиіскенін айтып шағымданды. Оның сөзінше, 9 жастағы қызын қайын атасы қорлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны 4 жыл бұрын басқа некеден туған қызымен екінші рет тұрмысқа шыққан. Ал бір күні ол қызының аузынан күтпеген жайтты естіген.

"Шал үйде. Қызым бәріміз моншаға бара жатыр едік, жолда "мама, бүгін жерде жатып едім. Шал келіп үстіме жатып алды" деді. "Қайтіп жатып алды" деп селк ете қалдым. "Екі қолымен менің кеудемді басып жатып алды" деді. "Сен не істедің?" дедім. "Құтқарыңдар" деп айғай салдым. Шал орнынан тұрып кетті" деді", - деп еске алды Перизат.

Нұрлан мен Перизаттың бір ұл, бір қызы бар. Бірақ қыз - Перизаттың бірінші некесінен туған бала.

Перизат естігенін күйеуіне жеткізген. Алайда ер адам әкесі туралы әңгімені сандыраққа балаған. Сондықтан әйел естігендерін елемеуге тырысыпты.

Әйел күні бойы екі баласымен қайын атасы қалатынын жеткізді. Оның сөзінше, бұрын қайын атасымен бірге тұрмаған. Өздері бір бөлмелі аядай жерде тұрады. 

"2 наурызда үйге (қайын атасы - еск.) келді. Бомж болып кеткен, сақалы, тырнағы өскен. Өте жағдайы нашар болды. Күйеуім "кіргіземін" деді. Мен "кіргізбейсің" дедім. Далада қаңғып келген бұл кісі. Балалары ешқайсы кіргізбейді. Пана бердім. ...Ол кісінің кіші дәреті тоқтамайтын", - дейді Перизат.

Ал кейін көршілері үнемі қыздың жылайтынын естіген, әйелдің қайын атасының өгей немересін баклажкамен ұрып жатқанын көрген. Сонымен қатар, олар әйелге күтпеген нәрсе айтқан. Ал Перизат сабақтағы қызын асығыс үйге шақырған. Үйге келген қызынан атасы не істегенін сұрапты. Оның сөзінше, қызы денесін, жыныс мүшелерін сүйгенін, жалағанын айтқан.

Болған жайттан кейін Перизат учаскелік полиция, жедел жәрдем шақырған. Сараптама қорытындысы бойынша жыныстық қатынас болмағаны анықталған. Бірақ қыздың айтқандарының рас-өтірігін анықтау үшін сараптамаға берген. 

Перизаттың күйеуі Нұрлан осы жағдайдан кейін әкесін алып, көлік жуатын тұрақты паналаған. Ол әйелінің айтқандарына сенгісі келмейді. 

Ал әйел күйеуі "қызға үйретіп қойды" деп ойлайтынын жеткізді. Оған алғашында келіннің қайын атасын жақтыртпағаны себеп болған екен.

Ал Нұрлан туған ұлы мен өгей қызын бөліп жармағанын айтады. Сондай-ақ, ер адам әкесінен бірнеше мәрте сұрағанын, ал әкесі мұндай қадамға бармағанын айтқанын жеткізді. 

Перизаттың енесі Рая Тәкебаева да келіні жала жауып отырған, бұрынғы күейуі аурушаң екенін айтты. Ол екі жыл бұрын күйеуінен ажырасқан.

Ал осы жайтқа күдікті саналып отырған Құдайберген Абыканов келіні өзінен құтылғысы келгенін, бәрі жалған екенін мәлімдеді. Алда да бағдарлама осы жайттың ақ-қарасын анықтайтындарын хабарлады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста