Түркістандық шенеунік 240 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды

Түркістандық шенеунік 240 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысында Қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Дамир Жүнісов ұсталды. Ол пандемия кезінде 240 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Облыстық тергеу сотының қаулысындағы ақпаратқа сүйенсек, Дамир Жүнісов заңсыз жолмен пайда табу мақсатында адамдармен бірнеше рет алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде — 239 871 438,43 теңгені талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр.

 

Ол 13 қаңтарда сағат 20:15-те ұсталған. 14 қаңтарда экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен күдікті ретінде танылған.

 

Сот талқылауында күдікті тергеуде берген барлық жауаптарын қуаттап, кінәсін толық мойындады. Шынайы өкінетінін айтып, қатаңдығы неғұрлым жеңілдеу бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Сонымен қатар ол келтірілген залалдың мөлшері анықталғаннан кейін оны толық өтеуге ниетті екенін айтқан.

 

Бұдан өзге 2022 жылдың маусым айынан бергі іс бойынша қорғануға құқығы бар куә ретінде бірнеше рет шақыртуға уақытылы келіп, құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар басқа да тұлғаларды әшкерелеуге тергеу органына көмек көрсеткен.

 

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеушісі күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш білдірген. Алайда 33 жастағы бұрынғы басшы сот санкциясымен үйқамаққа алынды.

 

Сонымен қатар, сот қаулысына сәйкес, Дамир Жүнісовке тергеп-тексеру органының шақыртуын, денсаулығына байланысты дәрігерге жүгінуін қоспағанда тұрғылықты мекенжайынан шығуға тыйым салынды. Оның қорғаушыдан басқа іске қатысушы адамдармен телефонмен сөйлесуіне, хат-хабар жөнелтуіне және байланыс құралдарын пайдалануына, белгілі бір адамдармен араласуына болмайды.

 

Облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер прокурор үйқамақта ұстау туралы сот қаулысы бойынша апелляциялық өтінішхат өткізгенін хабарлады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста