Жетісу облысында қару сатқандар құрықталды

Арнайы операцияны Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандар қатарына кіргені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша жүргізіледі. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу