20 Қазан

20 Қазан

Қазанның 20-сы
Алаштың атаулы күні

1934 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты құрылды.
Халықаралық авиадиспетчер күні. 1961 жылғы қазанның 20-сында Амс­тер­дамда Әуедиспетчер одағының халықаралық федерациясы құрыл­ды, бұл жағдай әуе көлігінің даму тарихының маңызды белгісі болды.
Дүниежүзілік остеопороздан алдын ала емдеу күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ұлыбританияның Ұлттық остеопороз қоғамының ұйымдастыруымен 1999 жылдан бастап аталып өтіледі.
Туған күн иелері
Әбдіжәмил Нұрпейісов (1924) –  Халық жазушысы;
Нұрғожа Ораз (1932) – ақын, «Жаңа Сарыарқа» журналының бас редакторы;
Ізбасар Рахымбаев (1936) – биология ғылымының докторы, профессор, академик;
Орынбай Рахманбердиев (1943) – ҚР Парламент Сенатының депута­ты;
Бегім Төлепбаев (1947) – Алматы облыстық статистика департа­ментінің бастығы;
Болат Әбдірахманов (1955) – экономика ғылымының докторы;
Қайрат Әбусейітов (1955) – Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі;
Гүлнар Тоқсейітова (1955) – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
Жәния Ералиева (1961) – ақын;
Ғалия Әбілова (1965) – ҚР Туризм және спорт министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры;
Гүлнар Ахметова (1965) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі;
Бақытжан Алдияр (1974) – ақын, Республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері;
Дәурен Төлеуханов (1976) – ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;
Арман Қырықбаев (1976) – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘБДІЖӘМИЛ – арабтың «әбді» (құл) және «жәмил» (әдемі, Алланың сипаты) сөздерінің бірігуінен құралған есім. «Жан дүниесі әдемі, таза, мөлдір, Алланың құлы» деген мағына береді. Бұл ныспы қазақ даласына ислам діні кең тараған тұста келген. Мұқым мұсылман қауымы өмір есігін жаңа ашқан сәбиге «Алланың сүйген құлы болсын, рухани тазалыққа жетсін» деген жақсы ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста