21 Желтоқсан
Желтоқсанның 21-і
Алаштың атаулы күні
• 22 жыл бұрын (1991) Алматыда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өз өмірін тоқтатқаны ресми құжатталды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді.
• 8 жыл бұрын (2005) Ақмола облысы Ерейментау қаласында Қанжығалы Бөгембай батыр атындағы мұражай ашылды.
Туған күн иелері
Сухан Қамалов (1935) – ғалым, геология-минералогия ғылымының докторы;
Бақытжан Хасанов (1937) – филология ғылымының докторы, академик;
Сағынай Абдуллин (1953) – әнші;
Қалдыбек Байымбетов (1956) – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
Мақсұт Қалажанов (1956) – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті директоры, медицина ғылымының докторы;
Нұрмұхамбет Әбдібеков (1961) – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары;
Сәуле Сағдиева (1965) – «ҚазРосГаз» ЖШС бас директорының орынбасары;
Роза Қараева (1969) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі, ақын.
Желтоқсанның 22-сі
Алаштың атаулы күні
• Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың (1859-1919) туғанына – 154 жыл. Ол Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің шығыс факультетін тамамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алған. І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, мұсылмандар фракциясын басқарған. 1917 жылы Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиумды басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.
• 21 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Заң қабылданды.
Туған күн иелері
Виктор Мейстер (1947) – Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі;
Сансызбай Үмбетәлиев (1948) – ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Сапарбек Сахов (1950) – Шымкент қаласындағы №5 кәсiптiк лицейдiң директоры, тарих ғылымының кандидаты;
Серік Еркінов (1952) – заң ғылымының докторы, профессор, полиция генерал-майоры;
Серікжан Қанаев (1953) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері;
Омархан Өксікбаев (1954) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Махметқали Сарыбеков (1956) – педагогика ғылымының докторы, профессор;
Дәуітәлі Омашұлы (1958) – ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының бөлім бастығы;
Гүлназира Мұхтарова (1961) – Атырау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі;
Назира Тәбелдинова (1962) – Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының бастығы;
Марат Ахметжанов (1964) – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Әсия Қыстаубаева (1964) – Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы;
Қанат Досмұқаметов (1973) – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры;
Азат Бектұров (1976) – ҚР көлік және коммуникация вице-министрі.
Желтоқсанның 23-і
Алаштың атаулы күні
• 1994 жылы Алматы қалалық №12 қазақ орта мектебіне ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
Туған күн иелері
Уақап Қыдырханұлы (1932) – жазушы, аудармашы, Құранды алғаш қазақ тіліне аударғандардың бірі;
Алтыншаш Жағанова (1943) – жазушы, драматург, қоғам қайраткері;
Ольга Шишигина (1968) – Олимпиада чемпионы;
Серік Құлмұхамедов (1975) – «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Ғани Мырзалиев (1977) – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты кадр және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
Тоқтар Кенжеғалиев (1977) – «Алаш айнасы» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі;
Төлеген Ахметов (1978) – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;
Азамат Сафималиев (1979) – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»