27 Тамыз

27 Тамыз

Тамыздың 27-сі
Алаштың атаулы күні

•  1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге қарсылық білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.
• 1992 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
• 19 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Асанәлі Әшімовтің «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды.
• 4 жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.
Туған күн иелері
Бексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және олардың ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры, профессор, генерал-майор;
Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші;
Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі;
Қанат Жанғаскин (1961) – экономика ғылымының докторы;
Сәрсен Көкебаев (1961) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің бастығы;
Болат Сәтбаев (1963) – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
Айзада Аққайсиева (1969) – экономика ғылымының докторы.
Қалмаханбет Мұхаметқали (1975) – «Дала мен қала» газеті Бас редакторының орынбасары, ақын.
Тамыздың 28-і
Алаштың атаулы күні

• 80 жыл бұрын (1931-1998) мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді.
• 22 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет - Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайы» ұйымдастырылды.
• Шахтер күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1947 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген.
Туған күн иелері
Құрманғали Уәли (1947) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Бақыт Серәлиев (1950) – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры;
Сейілда Байшақов (1950) – ҚР футбол федерациясының вице-президенті;
Әбдіманап Бектұрғанов (1958) – заң ғылымының докторы, профессор;
Алтай Қазмағамбетов (1964) – педогогика ғылымының докторы;
Нұрсұлу Құрманбекқызы (1965) – «Алаш айнасы» газетінің корректоры;
Анастасия Щегорцова (1980) – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары.
Тамыздың 29-ы
Алаштың атаулы күні

• 291 жыл бұрын (1720) Өскемен қаласының негізі қаланды.
• 20 жыл бұрын (1991) Президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.
• 2 жыл бұрын (2009) Өскеменде Абай мен Пушкин ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
• Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Қазанның 30-ында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Белоруссия, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония.
Туған күн иелері
Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, генерал-майор;
Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор;
Әбдуәхит Мақұлбаев (1961) – ОҚО бақылау және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары;
Бөлтірік Жақыпов (1961) – Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;
Марат Бекетаев (1977) – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
Тамыздың 30-ы
Алаштың атаулы күні

• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылғы мамырдың 30-ында бүкілреспубликалық референдумда қабылданған Конституция – еліміздің Негізгі заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары».
• Ораза айт мейрамы (2011 жылғы тамыздың 30-31-і және 1 қыркүйектің – 1432 хижра жылының 1-3-ші шәууәлі)
Туған күн иелері
Төлеген Рахымжанов (1948) – полиция генерал-майоры;
Қыдыркелді Медеуов (1955) – Алматы облыстық мәслихатының депутаты;
Серік Бейсеков (1958) – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, полковник;
Қайрат Түгелбаев (1959) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі;
Меруерт Қазыбекова (1961) – Қазақстан кәсіпкерлер әйелдері одағының төрайымы.

Тамыздың 31-і
Алаштың атаулы күні

• 1874 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі Түбек Есенғұлов дүниеге келді.
• 12 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы орта мектепке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбековтің есімі берілді.
• 4 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.
• 2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Туған күн иелері
Зәмзәгүл Шәріпова (1931) – Қазақстанның халық әртісі;
Гүлмира Шалабаева (1956) – философия ғылымының докторы;
Ерлан Нығматулин (1962) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Нұрлан Нығматулин (1962) – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымының докторы;
Талғат Сәрсенбаев (1966) – ҚР Сенат Аппаратының басшысы, заң ғылымының докторы, профессор;
Сәуле Сәрсенбаева (1967) – медицина ғылымының докторы, профессор.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры
БӨЛТІРІК – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігін осылай атайды. Жалпы, түркі халқы өзін Көк бөріден тарататын болғандықтан «Бөлтірік, Арлан, Қасқырбай» есімдері ел ішінде ара-тұра кездесіп қалады. Бұл есімді жаңа туған сәбиге «қасқырдай қайратты, қайсар» болсын деген ниетпен қояды. Аузы дуалы Бөлтірік шешеннің де құрметіне нәрестеге осы есімді беріп жатады. Ел ішінде өте сирек кездесетін төл ныспымыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста