Сәуір 22

Сәуір 22

Сәуірдің 22-сі
Алаштың атаулы күні

• Халықаралық Жер-Ана күні.
• 26 жыл бұрын (1985) Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың (1924-1944) облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.
Туған күн иелері
Әсия Беркенова (1950) – Қазақстанның халық ақыны;
Әмір Құлмаханов (1950) – Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
Ермек Келемсейіт (1952) – Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі;
Сейдіқасым Байбеков (1955) – Қазақ технология және бизнес университетінің президенті, техника ғылымының докторы, профес­сор;
Владимир Кошелев (1962) – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі;
Серік Егізбаев (1963) – Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аймақтық ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Ғабит Омарханов (1963) – Премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы;
Еркін Шардарбеков (1970) – «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Гүлмира Қалманбетова (1972) – Мәжіліс аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Болат Жұмаділов (1973) – ХXVI және ХXVIІ олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері;
Мәлік Мамырбаев (1975) – «Алаш айнасы» газетінің бет қаттаушысы.
Cәуірдің 23-і
Алаштың атаулы күні

• Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні.
Туған күн иелері
Серғазы Баймұхаметов (1936) – техника ғылымының докторы, академик;
Мұрат Ғылманов (1942) – биология ғылымының докторы, профессор, академик;
Әнуар Тарақ (1956) – ақын, филология ғылымының докторы, профессор;
Асқар Балжанов (1958) – «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарушы директоры;
Серік Ырсалиев (1960) – білім және ғылым вице-министрі;
Тұрысбек Алиасқаров (1961) – ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник;
Мейрам Смағұлов (1962) – Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының бастығы.
Сәуірдің 24-і
Алаштың атаулы күні

• 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ КСР-інің Президенті етіп сайлады.
• 15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевқа елдегі ең жоғарғы лауазым белгілері – «Алтын Қыран» ордені және Президент байрағы тапсырылды.
• Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні.
• Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні.
Туған күн иелері
Қабдеш Жұмаділов (1936) – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының иегері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Тарбағатай, Аягөз және Үржар аудандарының құрметті азаматы;
Раушан Сармурзина (1945) – химия ғылымының докторы, академик;
Ертай Ашықбаев (1956) – ақын, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газеті бас редак­торының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері;
Гүлнар Ықсанова (1958) – «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрайымы;
Мұрат Әбдірахманов (1963) – KazTransCom АҚ директорлар кеңесінің төраға­сы;
Данияр Нүсіпов (1964) – «Толғау» ЖШС жүргізушісі;
Арман Жетпісбаев (1971) – Шымкент қаласының әкімі.
Сәуірдің 25-і
Алаштың атаулы күні

• Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Тоқаш Бокиннің (1890-1918) туғанына – 121 жыл.
• 1893 жылы актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің және КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаев дүниеге келді.
• 1917 жылы Омбыда Ақмола облысы қазақтарының съезі өтті.
• 1921 жылы құрамында 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері негізінде орталығы Петропавл қаласы болатын Ақмола губерниясы құрылды.
• Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні.
Туған күн иелері
Қалқаман Аяпов (1942) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Күләш Ахметова (1946) – ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы;
Тасболат Досаев (1948) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Ерқанат Темірханов (1958) – экономика ғылымының докторы, академик;
Аниятолла Сәрсенов (1969) – қаржы полициясы полковнигі;
Роза Сейілханова (1972) – ақын;
Азамат Әмірин (1973) – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ауданының әкімі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста