Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Сіздің дербес және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түскен жағдайда, олар сіздің онлайн немесе  мобильдік банкингіңізді бұзып, алаяқтық тәсілмен кредит ресімдеулері мүмкін деп хабарлады turkystan.kz fingramota.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

«Егер сіз «басқа адамның кредитінің» құрбаны болсаңыз, онда бірінші кезекте, қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын біліп алыңыз, және оған өтінішпен жүгініңіз. Атыңызға заңсыз кредит ресімделу фактісін кредиттік тарихтың көмегімен анықтауға болады, оны тоқсанына кемінде 1 реттен кем емес үнемі тексеріп тұру қажет. Дербес кредиттік есепті Мемлекеттік кредит бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚО-дан немесе  egov.kz  порталы арқылы  алуға болады», – делінген хабарламада.
Кредитордан міндетті түрде ішкі қызметтік реттеу жүргізуді талап етіңіз. Сонымен қатар кредиттік ұйым сізге шарттың көшірмелерін, оған қосымшаларды және жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуға тиіс. Сізге кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылау қажет.

Өтінішті сондай-ақ, құқық қорғау органына да беру қажет. Сіздің өтініштеріңіз тіркелуге тиіс, өтінішті қабылдау күні көрсетілген тіркеу нөмірі сіз өзіңізге қалдыратын өтініштің көшірмесіне де қойылуға тиіс.

«Кредиттік ұйым  құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым бере аласыз. Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтардың алғанына дәлелдер таба алмаса, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы шағым-талап беру қажет»,- делінген хабарламада.
Сот шешімді сіздің пайдаңызға шығарған жағдайда, кредиттік ұйым:

– сізден борышты төлеуді талап етуді тоқтатуға;

– берешекті есептен шығаруға;

– кредиттік бюроға сіздің кредиттік тарихыңыздан басқа адамның қарызы бойынша ақпаратты алып тастау жөнінде хат жолдауға тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста