Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар тұрады.
"Кезең соңында солтүстік антициклон ығысып, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі, шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді", - делінген синоптиктер мәліметінде.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу