Алматы әуежайының нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы әуежайының нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәселен, 2003 жылы "Имсталькон" АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды.

Әкімдікке осы нысандарды меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А.Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 шаршы метр жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

"Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі биыл 13 наурызда күшіне енді", - деді меморган өкілдері.

Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен нысандарды мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста