Алматы облысында 145 нысан заңсыз салынғаны анықталды

Алматы облысында 145 нысан заңсыз салынғаны анықталды

Алматы облысында былтыр заңсыз салынған 145 нысан анықталды, деп хабарлайды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы.


Соның бірі – Қарасай ауданы Жібек жолы мекеніндегі заңсыз тұрғызылған көлік жуу орны.


"Сәулет қала құрылыс қызметінің заңды талаптарын орындамағандықтан хаттама толтырылып, нысанды бұздық. Заң бұзған азамат өзі бұзып алып жатыр", – деді мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Шаттық Мәмбетов.


Ал заң бұзған кәсіпкер алаяқтарға сеніп қалғанын айтады.


"4 миллионға сатып алдық 4 сотық жерді. Алаяқтар бұл жер коммерциялық деп сатқан. Сіздер де алаяқтардан абай болыңыздар, мен сияқты алданып қалмаңыздар", – дейді кәсіпкер.


Жалпы Алматы облысында жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз салынған құрылыстарға қатысты 440 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 149 әкімшілік материал Алматы облысының соттарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберілді. 66 748 896 млн теңге айыппұл салынды.


Сондай-ақ Алматы облысының соттарына өз бетінше салынған объектілерді бұзу туралы 10 материал жіберілген.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста