Алматы - Өскемен ақылы тасжолы Қонаевтың сыртына ауыстырылады

Алматы - Өскемен ақылы тасжолы Қонаевтың сыртына ауыстырылады

Республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен бағытын Қонаев қаласынан тыс шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы сәулет басқармасы бас жоспар және аумақты дамыту басқармасының басшысы Айдос Күнесбаев айтты.

Айта кетейік, қазір бұл бағыттың бір бөлігі - Алматыдан Талдықорғанға дейін ақылы.

 
 
А3 тасжолы Қонаев қаласының дәл ортасынан өтеді. Бұл жолдың бойында казино мен ойын залдары орналасқан. Бірақ бұл тасжол Қонаевтың жаңа бас жоспарына сәйкес келмейді.

"Біз Алматы-Өскемен тасжолы бойында орналасқанбыз. Жолды жылжытуды, яғни тасжолды қала сыртына жылжытуды ұсынып отырмыз. Бұл жүрдек магистраль болғандықтан, норма бойынша қалада бұған жол берілмейді. Бұрыннан бар жолдың мақсаты өзгереді, ол Жаңа Іле шағынауданына апарады. Қазір бұл республикалық маңызы бар, А3 санатындағы жол. Ауыстыру бойынша ұсыныстар беріп жатырмыз", - деді Күнесбаев.
Ұсынылған жоба бойынша маршрут қазіргі жолдан батысқа қарай 10-12 шақырымға жылжытылады. Қазіргі бағыт жергілікті жолға айналады.

"Осы жолдар арасына қалалық нысандарды орналастыруды көздеп отырмыз. Бұл аумақтарда әзірге ештеңе жоқ. Магистраль бойында әскери нысандар мен қоймалар бар, бірақ болашақта оларды да көшіру ұсынылып отыр", - деді Алматы облысы сәулет басқармасының бас жоспары және аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев.
Сонымен қатар, темір жол да қала сыртына жылжытылады, ол да қазір Қонаев арқылы өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста