Алматы қаласында 30 зират жабылады

Алматы қаласында 30 зират жабылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде ақпан айының соңына дейін қалада 30 зиратты жабу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданы тұрғындарының бірі әкімнен «Рахат» ықшамауданында орналасқан мұсылман және христиан зираттарының қашан жабылатынын сұрады.

Ерболат Досаев зираттарды жабу жұмыстары өткен жылдың күзінде басталғанын айтты.

«Мен сізге немен бетпе-бет келгенімізді айтқым келеді. Көптеген қорымдар тіпті есепке алынбаған. Біз қазір оларды қабылдап, толуына қатысты техникалық баға беруіміз керек, содан кейін жабу туралы шешімді дайындаймыз», - деді әкім. Оның айтуынша, 2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.

«Қаланың балансында жоқ нәрсені жаба алмаймын. Зиратты қала меншігіне алу үшін оның өлшемдерін білу керек, ол жерде қанша орын болуы керек, бүгінде қаншасы толы. Осы жұмыстардың барлығын жасап жатырмыз. Өкінішке орай, бұл қағазбастылықсыз зиратты жабу мүмкін емес. Екі қаулы жобасы дайындалып жатыр, ақпан айының соңына дейін жабылады деп сенемін», - деді әкім.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, қалада барлығы 70 зират бар, оның 30-ын жабу жоспарда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста