Атырау облысының параволейболшыларына құны 3 млн теңгеге жуық спорт жабдықтары тарту етілді

Атырау облысының параволейболшыларына құны 3 млн теңгеге жуық спорт жабдықтары тарту етілді

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қазақстан Параволейбол федерациясының бірлескен жобасы аясында Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының мүгедектігі бар адамдарға арналған клубтары мен мектептеріне отырып ойнайтын волейболға қажет еден жабындары, тіректер мен торлар жиынтығы, сондай-ақ волейбол доптары тегін табысталды.

 

Сонымен қатар, ҚР параволейбол командасы үшін жарақат алған кезде қалпына келтіру процестерін жүзеге асыру үшін қажетті криотерапия жүйесі сатып алынды. Аймақта 11 ерекше жан параволейболмен тұрақты шұғылданса, оның тоғызы ұлттық құрама мүшесі саналады.

 

 

«Өңірлерде бұқаралық спортты дамыту мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға және өңірлерде әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталған», - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева атыраулық пара волейболшылармен тілдесіп, жабдықтардың сапасын сұрастыру барысында.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің басым бағыттары денсаулық сақтау, білім беру, өңірлерді дамыту және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына көмек көрсету болып табылады.

 

 

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорына спорттық жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамыз. Бұл мүгедектігі бар көптеген спортшыларды спортпен шұғылдануға және жеңіске жетуге ынталандырады. Тиісті жасалған жағдайлар мүгедектігі бар адамдардың одан да мол санына белсенді салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді жергілікті мүгедектігі бар адамдар клубының директоры Аманбай Қыздарбаев.

 

 

Қазіргі уақытта команда биылғы жазда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетуге дайындалуда. Егер ол жерде параволейболшылар жолдама ұтса, 2024 жылы Парижде өтетін Параолимпиада ойындарына жол ашылмақ.

 

Жалпы жобаның бюджеті 18 400 000 теңгені құраса, Атырау облысына берілген спорт жабдықтарының құны 2 924 000 теңге болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста