Елорда әуежайындағы заңсыз таксист 2 тәулікке қамауға алынды

Елорда әуежайындағы заңсыз таксист 2 тәулікке қамауға алынды

Елорда әуежайында заңсыз такси қызметімен айналысқан жүргізуші екі тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында №1 терминалда елорданың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әуежайдан шыға берісте жолаушылардың мазасын алып, такси қызметін ұсынып, тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған.

Сонымен қатар ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) және 667-бабы 1-бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы екі тәулікке қамауға алынды», - делінген полиция ақпаратында.

Еске салайық, 2 сәуірде заңсыз такси қызметімен айналысқан тағы бір жүргізуші Астана әуежайындағы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Жалпы жыл басынан еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында көлік полицейлері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алғаны үшін 778 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның 220-сы – заңсыз такси жүргізушісі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста