Ерлан Қошанов Аустралияда сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілерді құттықтады

Ерлан Қошанов Аустралияда сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілерді құттықтады

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Аустралияда сәтті өнер көрсеткен Елена Рыбакина мен Альбина Кәкеноваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Кеше біз Australian Open турнирінің финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның керемет әрі тартысты ойынына куә болдық. Бұл финал нағыз мықтылардың сайысы еді. Иә, бұл жолы «Үлкен дулыға» бізге бұйырған жоқ. Бірақ, Лена бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, бізге нағыз спорт мерекесін және өз елімізге деген мақтаныш сезімін сыйлады! Елена Рыбакина небәрі 23 жасында теннистегі ең беделді екі турнирдің финалында өнер көрсетті және бұл оның спортағы жетістіктерінің бастауы ғана. Ол алдағы бірнеше жылда «Үлкен дулыға» саналатын төрт бірдей турнирдің бәрінде жеңіске жетіп, әлем тарихындағы ең мықты теннисшілердің қатарына қосылатынына бек сенеміз!Бізді Еленаның артынан жас ізбасарлары өсіп келе жатқаны да қатты қуантады. Бүгін Мельбурнде аяқталған теннистен жасөспірімдер арасындағы Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінде 14 жастағы жерлесіміз Альбина Кәкенова керемет ойын көрсетті. Теннисшілерімізге сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан түспесін!», – деп жазды Ерлан Қошанов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста