Кене энцефалитінінен қалай қорғануға болады?

Кене энцефалитінінен қалай қорғануға болады?

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматолог-ортопед дәрігері Қанат Тезекбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте кене энцефалитінің белгілерін еске салып, оның алдын алу шараларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Қ.Тезекбаевтың айтуынша, Алматы қаласында күн жылынғалы кене шағып, медициналық көмекке жүгінген науқастардың саны артқан. Өткен аптада ғана 52 науқас мамандардың көмегіне жүгінді, оның 23-і бала. Көбінесе кене шағу жағдайлары қала маңы мен тау баурайында орын алды.

Денеге жабысып қалған кенені теріден алған кезде оның бізтұмсығының қалып қоймауын қадағалап, мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек. Мұны травматологиядағы дәрігердің жасаған дұрыс, деп кеңес береді ҚДСБ бас штаттан тыс травматолог-ортопеді.

Егер дәрігерге бару мүмкіндігі болмаса, дәріханада немесе кез келген басқа жерде сатылатын қысқышы бар арнайы пинцет қолдануға болады. Кенені барынша жабысқан жерінен ұстау керек, пинцетті тістеген жерінен перпендикуляр ұстаңыз, кененің денесін айналдырған күйі алу керек. Көп ұзамай кене де теріден өздігінен шығуы керек, – деп толықтырды Қ.Тезекбаев.
Кенелер адамды негізінен тері тіндері ең жұмсақ жерлерін шағады, оларға мыналар жатады: құлақтың сырт жағы, мойын, бастың шашы бар бөлігі, шынтақтың ішкі жағы, қолтық асты, іш, шап, жіліншіктің ішкі жақтары, тізе асты. Кененің шаққаны білінбейді: жәндік жараға ауырсынуды басатын зат енгізеді.

Кене энцефалитіне жәндіктің өзі шаққаннан басқа, ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішу арқылы да жұғуы мүмкін. Көктемде және жазда кенелер адамға күннің немесе түннің кез келген уақытында қауіп төндіреді.

Энцефалит вирусын жұқтырған кене шаққаннан кейін үш күн ішінде шұғыл профилактика жүргізу қажет: дене салмағының 10 кг-на 1 мл дозада кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу немесе сәйкес схема бойынша йодантипирин қабылдау қажет. Энцефалиттің асқынуының қауіптілігі сонша, сондықтан алдын алған маңызды, – деп кеңес берген дәрігер вакцинацияның басты профилактика екенін атап өтті.
Жеке қорғаныс шараларынан басқа, маман қала маңындағы аумақтарда алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұсынады. 

Бұл шараларға мыналар жатады:
- аумақтан қоқысты шығару;
- үй жануарларының жүнін арнайы құралмен өңдеу, оларды мұқият тексеру;
- үркітетін өсімдіктерді отырғызу;
- жерді ескірген бұтақтар мен шөптерден жүйелі түрде тазалау, көгалдарды жүйелі түрде шабу;
- құстарға арналған жем салғыштарды орнату – кенелердің табиғи жаулары;
- кеміргіштерді – жәндіктердің негізгі тасымалдаушыларын жою;
- қоршаудың жанында ені 100 см үгінділер немесе қиыршық тас жол түрінде кедергі жасау.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста