Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады

Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. 

Алайда биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. 

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Төленбеген 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады. 

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста