Орталық Азия елдері бірігуге мүдделі - сарапшы

Орталық Азия елдері бірігуге мүдделі - сарапшы

Бүгін Астанада «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты сарапшылар отырысы өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Кездесуде Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты салалардағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары тақыланып жатыр.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің сарапшылары қатысуда.  

Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы аймақта келісімге келу қажет бірнеше жоба бар екенін айтады.

Соңғы 5-6 жылда Орталық Азия елдері арасында жүріп жатқан транзитке байланысты мемлекеттер арасында бір-біріне деген жылулық пайда болды. ҚСЗИ Орталық Азияның сарапшыларымен бірнеше кездесу өткізді. Сонда айтылған пікірлердің қортындысымен бұл кездесулердің тиімді болғанын айта аламыз. Іс-шара жай жалаң сөздермен ғана емес, нақты істермен көрініс тауып отыр. Бүгінгі кездесуге келген құрамда өте жоғары лауазымды тұлғалар. Яғни, сол елдің билігінде шешім қабылдауға тікелей ықпал ете алатын азаматтар. Мұның өзі аймақтағы ынтымақтастыққа, бірлікке деген мүддені танытып отыр, - деді сарапшы.


Назарбетованың айтуынша, «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» конференциясында және одан кейін өтетін жабық талқылауда аймақтағы бүкіл проблемалар ашық талқыланып, ұсыныстар жасалады.

Кейін сарапшылар бұл ұсыныстарды өз мемлекеттерінің басшыларына жеткізеді. Ол елдердің президенттері кездесу ұйымдастырғанда күн тәртібіне шығатын тақырыпқа айналады, - деді  ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста