«Рамазан айындағы сыйлықтар»: Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

«Рамазан айындағы сыйлықтар»: Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Halyk банкі «Рамазан айындағы сыйлықтар» деген желеумен алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде Halyk атынан алаяқтық хаттар таратылуда. Хабарламада алаяқтық сілтеме бар. Оны басқан кезде ықтимал жәбірленуші сұрақтарға жауап беріп, жеңіл ұтыс ойынына қатысатын сайтқа өтеді. Ал ақшалай сыйлықты алу үшін достарыңыз бен туыстарыңызға сілтемесі бар хабарлама жіберуіңіз керек», - делінген банк таратқан ақпаратта.

Halyk Bank ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің түсіндіруінше, бұл тарату фишингтік схеманың бірі және оны алаяқтар азаматтардың телефондарына зиянды бағдарламаларды жүктеп алуы үшін пайдаланады. Олардың көмегімен шабуылдаушылар телефондағы барлық ақпаратқа, оның ішінде банктік мобильді қосымшаларға толық қол жеткізе алады. Осылайша, қауіпті бағдарламаны жүктеп алу кезінде адам өз ақшасын жоғалтуы мүмкін.

Фишингті алаяқтар пайдаланушылардың жеке ақпаратын - телефон нөмірлерін, жасын, атын, сондай-ақ төлем карталарының деректерін (төлем картасының 16 таңбалы нөмірі, оның қолданылу мерзімі, 3 таңбалы CVV коды), банктік мобильді қосымшалардың, жеке шоттардың және басқа да. логиндер мен парольдерді жинау үшін белсенді пайдаланады.

«Егер пайдаланушы нұсқауларды орындап, белгісіз қосымшаны орнатса немесе күмәнді сайтқа төлем картасының мәліметтерін енгізсе, қосымша нұсқаулар алу үшін өз банкіне шұғыл түрде хабарласуы керек. Халық банкі барынша қырағылық танытып, еңбекпен тапқан ақшаңызды жоғалтып алғанша, жіберілген ақпаратты тексеруге бірнеше минут жұмсаған дұрыс екенін есте сақтауға шақырады. Барлық акциялар, ұтыс ойындары мен сыйлықтар туралы ақпарат әрқашан банктің ресми сайтында және оның әлеуметтік желілерінде орналастырылады», - деп ескертеді банктен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста