Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді: генерал ауруханаға түсіп қалған

Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді: генерал ауруханаға түсіп қалған

Талдықорғанда Алматы облыстық полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді. Анықталғандай, сотталушы кенеттен өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түсіп қалған.


Бұл ақпаратты сот процесінде генерал Күдебаевтың мүддесін қорғап жүрген адвокат Руслан Баймақов растады.
 
"Қорғалушының денсаулығына байланысты сот кейінге шегерілді. Алдын ала мәлімет бойынша процесс 16 наурызда қайта жанданады. Қазір біздің қорғалушы ауруханада жатыр", - деп мәлімдеді Баймақов.
 
Адвокат Серік Күдебаевтың қандай диагнозбен және қандай медициналық мекемеге жатқызылғанын нақтылаған жоқ.
Еске салсақ, 5 қаңтардан бері Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Ол қаңтар оқиғасы кезінде тиісті шара қабылдамағаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда. 28 қаңтарда облыстық сотта тараптардың жарыссөзі өтті. Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

sputnik.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста