Үкіметтің жекешелендіру тізімі өзгерді, қай компаниялар алынды?

Үкіметтің жекешелендіру тізімі өзгерді, қай компаниялар алынды?

Үкімет жекешелендіру тізімінен алынған нысандар тізімін жариялады. «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz


«Қаулыға 3-қосымшада «Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесінде «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі» бөлімінде 3.2-жол («КИМЭП университеті» коммерциялық емес АҚ) алып тасталсын. 4-қосымшада бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесінде «Атырау облысының әкімдігі» бөлімінде 34.3-жол (Хиуаз Доспанова атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ) алып тасталсын», - деп жазылған құжатта.
Сонымен бірге, «Түркістан облысының әкімдігі» бөлімінде 179-1.48-жол – «Turkistan» индустриялық аймақтарын басқарушы компания» ЖШС, «Алматы қаласының әкімдігі» бөлімінде 373-2.15-жол – «Алматы қаласының мамандандырылған жерлеу қызметтер комбинаты» ЖШС тізімнен алынған.

Қаулының 5-қосымшасында акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдары тізбесінде «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ» бөлімінде 122.1-жол – «Астана – арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ» бөлімінде 149-1.5-жол – «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС жекешелендіруден алынған.

Осы қаулымен бекітілген жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері тізіміне енгізу қағидаттарында бірінші абзац мынадай редакцияда жазылады:

«Квазимемлекеттік сектор субъектісіне қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның оны мемлекеттің экономикалық мүдделерін ескеріп іске асырудың негізділігіне оң бағасының болуы шартымен мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуі оны жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері тізіміне енгізуге бастама жасау үшін негіз болып табылады».
Бұл қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 4 наурызда қолданысқа енеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста