Жаңбыр және тұман. 29 наурызда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр және тұман. 29 наурызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синопиктері 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде жане таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Шымкентте де 29 наурызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста