"1992 жылы алдық": Тәуелсіздікті білмей ұятқа қалған жұлдыздар кімдер

"1992 жылы алдық": Тәуелсіздікті білмей ұятқа қалған жұлдыздар кімдер

Қазақстанның тәуелсіздікті алғанына 2019 жылы 28 жыл толды. Еліміздің Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан. Қазақ аңсап жеткен тәуелсіздігімізді қарапайым халық түгілі өнерде  жүрген жұлдыздардың да білмейтіні баршылық. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OYBAY SHOW бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдыздарға "Тәуелсіздікті қай жылы алдық?" деген сұрақ қойылды. Әншілердің барлығы дерлік дұрыс жауап бергенімен, Жеңіс Ысқақова 1992 жылы алдық деп қателесті. Ал, Меруерт Түсіпбаева айтудан мүлде бас тартты. 

"Уикипедияны аш та, қарамайсың ба", - деп күлді ол.

Ал, Нұрсұлтан Нұрбердиев Тәуелсіздікке "18 жыл, 16, жыл, 30 жыл бола ма?" деп толғанды. 

Нұржан Қалжан Тәуелсіздікке 25 жыл толды деп жаңылысты. Айгүл Иманбаева тіпті 15 жыл деп қатты қателесті. 

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, Ата Заңымыз 1991 жылы 28 қазанда қабылданған екен. Роза Рымбаева Ата Заңның 1991-1992 жылдары қабылданғанын айтты. Өмірқұл Айниязов "1991 жылдары болу керек" дейді. Әнші Әміре де осындай жауап айтты. Нұржан Қалжанның айтуынша, Конституция 30 қараша күні қабылданған екен. Бейбіт Қошқалиев пен Жеңіс Ысқақова жауабы жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанның Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Қазақстан жұрты осыған орай 30 тамыз күн Конституция күнін тойлайды. 

Меруерт Түсіпбаева, Айгүл Иманбаева, Жеңіс Ысқақова елімізде Әнұран 3 рет ауысқанын айтты. 

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген соң Әнұран 1 рет ауысты.

Бұл орайда роза Рымбаева да қазіргі Әнұранның сөзін Төлеген Айбергенов жазды деп қателесті.

Тек Нұржан Қалжан ғана Әнұран авторларының бәрін атап берді. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста