Айдарбекова: «Қайрат пен Жұлдыз менен не айуандық көріпті?»

Айдарбекова: «Қайрат пен Жұлдыз менен не айуандық көріпті?»

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың екіге кеткені расталды. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Ол өзін "ұлы мен келінінің ортасына түсті" деп сынағандарға ұрысып тастады, деп жазады Stan.kz .

Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өз отбасымен емес, өзге адамдармен туған күнін тойлауы елдің көкейіндегі күдікті растағандай болды. Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанына көзі жетпеген жұрт бұл жолы оның анасын айыптауға асықты. "Қайрат анасының айтқан сөзіне еремін деп жарынан айырылып қалды" деп сөкті жұрт. Елдің сөзі Айдарбекованың көңіліне тисе керек, продюсер өзін айыптағандардың біріне жауап берді.

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?

Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", – деп ашуланды Қайрат Нұртастың анасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста