“Әйелім, екі балам бар”: Қанат Үмбетов Әлия Әбікен екеуін жұптастырып қойғандарға жауап берді

“Әйелім, екі балам бар”: Қанат Үмбетов Әлия Әбікен екеуін жұптастырып қойғандарға жауап берді

Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікен 8 наурыз қарсаңында астаналықтарды қуантпақ. Халықтың сүйікті жұбына айналған дуэт халықаралық әйелдер күні концерт өткізбек ниетте. Бұл туралы Үмбетов “Түнгі студия” бағдарламасында айтты. Сондай-ақ, ол ел көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Көпшілік Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікенді шынайы өмірде де жұп деп ойлайды. Бір жағынан, Үмбетовтің жеке өмірі туралы сұрақтардан қашуы – ел күдігін одан сайын күшейте түскендей. Алайда Үмбетов Әбікен екеуінің арасында тек қана шығармашылық байланыс орнағанына сендірді.

“Әлия екеуміз о баста дуэт боламыз я болмаса қазір халыққа осындай жоба керек деп ойлаған жоқпыз. 2013-2014 жылдары ортақ досымыздың туған күнінде танысып, кейін дуэт айтып көрейік дедік. Мен сол кезде шын мәнінде дуэт үшін қыз іздеп жүргенмін. Әндер бар еді, дуэтке келетін тақырыптар көп болды. Дәурен (ред. Қанат пен Әлияның орындауындағы әндердің авторы), Әлия үшеуміз ақылдаса келе, ең бірінші шығарған әніміз – “Махаббат жыры” болды. Оған бейнебаян түсірдік, халыққа жақсы тараған сияқты. Дәурен тағы ән берді. Сөйтіп 4-5 әннен кейін “Жанымда бол” шықты. Аллаға шүкір, қазір сол әннің қаралымы 25 миллион болды. Қазір халық бізді дуэт деп кеткен сияқты”, – дейді Қанат.

Ол Әлияның әндерімен осыдан 15 жылдай бұрын танысқанын айтады.

“Әлия екеуміздің ортамызда, даусымызда үндестік бар. Ода жоқ нәрсе менде бар, менде жоқ нәрсе ода бар. Көбінесе дуэттің жақсы шығуы содан деп ойлаймын.

Таныспай тұрып, екеуміз бір-бірімізді жақсы тыңдағанбыз. Ол кезде мен Тоқтар ағаға шәкірт болып та барған жоқпын. 2003-2004 жылдары мен оның әндерін тыңдайтынмын”, – деп ағынан жарылды Қанат.

Бұдан өзге, Қанат эфирге көп шыға бергенді ұнатпайтынын, сондықтан да көпшіліктің оны танымай қалатынын атап өтті. Бұған дейін отбасым бар екенін жасырған емеспін, деп ақталды ол өзін сынағандарға.

“Отбасым, әйелім, екі балам бар”, – дейді Үмбетов.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста