Әйгілі «Қаракөз» ансамблі үлкен сахнаға қайта оралды

Әйгілі «Қаракөз» ансамблі үлкен сахнаға қайта оралды

Жетпісінші жылдары еліміздің өнер әлемін дүр сілкіндірген әйгілі «Қаракөз» ансамблінің қазақ сахнасына қайта оралды, деп хабарлайды NUR.KZ.

IMG_5166

Шығармашылық қолтаңбасы отандық эстрада тарихында алтын әріптерімен жазылатын «Қаракөздің» басқа ұжымдардан өзгешілігі, ансамбль сахнада тек өзі шығарған әндерін орындады. Бұған негіз топ мүшелері Жақсыкелді Сейілов пен ағайынды Болат және Ахмедия Есмұхановтардың дарынды сазгер болуы еді.

«Қаракөз» ансамблі шырқаған «Кездесу», «Ана туралы баллада», «Неге солай», «Жезкиік», «Махаббат мұңы» әндері бүгінге дейін рухани әлемде айналыста келеді. Осы әндерді кейінгі әншілер мен  топтар жаңғыртып айтып жүр. «Қаракөзді» қайта жаңғырту- уақыт талабы еді.

Аталмыш бастаманы өз қолына алған өнер жанашыры Жаңабай Сәтжанов ансамбльдің қайта түлеуіне өлшеусіз еңбек етті. Қазіргі кезде ол – ансамбльдің мүшесі және продюсері.

Жақында Алматыда өткен концертті жұртшылық ыстық ықыласпен, үлкен қошеметпен қарсы алды. Қазіргі кезде ансамбльдің үлкен концерттері өңірлерде жалғасып, өнер мерейін асырмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста