Амангелді Сейітхан: Бейсенді соңғы көргенімде мәңгіге бет алғанын ептеп сездірді

Амангелді Сейітхан: Бейсенді соңғы көргенімде мәңгіге бет алғанын ептеп сездірді

Журналист, спорт коментаторы Амангелді Сейітхан Бейсен Құранбекпен қалай қоштасқанын айтты. Інісі өзін іздеген соң ауруханаға дереу жеткен екен. Сол күні тележүргізушімен соңғы рет кездескен.

"Бейсенжан туралы жазу ауыр соқты. Жазбасқа тағы болмады... Соңымнан ерген інім ғой. Соны соқпақ тауып еді.. Алланың жазуына амал бар ма..." - деді Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

 

"Ол қандай еді? Өз тұстастарынан несімен ерекшеленді? Нені көздеді, не нәрсеге құштар болды? Біз оның бала кезін білмеуіміз мүмкін. Жігіттік шағы жұртқа мәлім. Айтқымыз келгені –  бала мұрты тебіндеген кезі еді.  Бозбала Бейсен дедік пе... Боздап қаламыз деп кім ойлаған? Алланың жазуы солай.  Құнсыз берді, сұраусыз алды. Көнуімізге тура келеді. Бәріміз де сабырға келеміз. Өйткені Жаратушы талабы сондай. Ақырғы рет сөйлескенім еске түсе береді. Соңғы көргенімде өзі де мәңгіге бет алғанын ептеп сездірді", - деп бастады ол естелігін. 

Айтуынша, Бейсен Құранбектің жары өзіне хабарласып, келуін өтінген. Бұл інісінің өтініші еді.

"Сағынған ініден айналасың ғой. Дереу жиналдық та, іздеп бардық. Көргенде көңіл көншіді. Көз жанары жақсы екен. Күліп қарсы алды. Мұңның ізі де жоқ.  Емделу кезінде дем беру дұрыс. Сөз арасында әлі-ақ оңалып кететінін айтып, сендіруге тырыстық. Ақылды ғой, басын изеп күлді. Күлді де, күрсінді. Күрсінгенін жасырды бізден. Артынша арқаланып, сөйлеп кетті. Бейсен күлді. Күліп еді, жүзі жадырап сала берді. Жазылып кеткен секілді. "Осы беті оңалып, тұрып кетсе" дедік. Күліп жатқан адамның бәрімізді күңірентіп кетуге құқы жоқ қой. Өзі де ұмтылды. Жүріп кетуге оқталды. Қарсы алдында отырмыз. Теңселіп кетсе ұстап қалуды ойлап. Өмірі қамшы салдырмаған,  демеуді керек етпеген інім қазір де өзі қимылдайтынын қапысыз ұғып тұрдым.

Сол жолы ұзақ сөйлестік. Дәрігер екі келді. Көп мазаламауымызды қалағаны болар. Оған да мән берген жоқпыз. Баяғы шақтан бүгінгі кезге шолу жасап, өмірді әңгіме еттік. Көңілді отырды. Болашақты да бірге кездік. Дәл сол сәтте оның оңалып кететініне оңай сендік. Өйткені өзгелердің омалып қалмауына өзі себеп болып еді ғой. Сөзімен жігерлендіріп,  қиыннан жол тауып беріп,  талайлардың аурудан айығып кетуіне күш салған. 

Бейсенжанның мына отырысында да мін жоқ. Жанары тік, көзі өткір. Ауыр дерт еңсесін баса алмаған. Қайта қанатын қомдап, енді ұшуға бет алған қыран келбетінде. Жұмсап жіберсем, талай тауды қопарып келетіндей. Сыр да шертілді. Әзіл де айтылды. Пікірталас та болып кетті-ау деймін. Бұл біздің, анығында, қош айтысуымыз еді. Көзден жас аға күлсек те, көкіректе бір мұң қалықтады", - деп күрсінді ол. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста