Әнші болуды таңдаған футболшылар

Әнші болуды таңдаған футболшылар

Құлағымызға үйреншікті болып қалған әндерді орындайтын эстрада жұлдыздары кезінде кәсіби түрде футболмен айналысқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олар неге кәсіби футболды тастап, әнші болуды таңдады? Comode эстрада жұлдыздарына шолу жасап, өнер жолын футболдан бастаған әншілерді тапты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын эстрадамызда жаңа әнші  пайда болып, бірден нәзік жандардың жүрегін жаулап алды. Абдулкарим Каримовтың дауысына да, келбетіне де ғашық болған жандар оның эстрадаға футболдан келгенін біле бермейді. Дегенмен Абдулкарим көп жылдар бойы кәсіби түрде футболмен айналысты. Қазақстан футболының бірінші лигасына кіретін «Железнодорожник», «Қазақмыс», және жоғарғы лиганың  құрамындағы  «Жетісу»  командасының  қосалқы қақпашысы болған. Командамен спорттық сапарларға шыққанда  Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смаков, танымал футболшы Әлібек Бөлешев сияқты әріптестері оның ән айтқанын ұнатып,  жиі ән айтуын сұрайтын. Ол хобби Абдулкаримды эстрададан бір шығарды. Қазіргі кезде жұлдыздардан құралған «Алатау» командасының мүшесі.

Арман Қоңырбаев пен Дильен де әншілікке келмес бұрын футболмен кәсіби түрде айналысатын. Бұл қорғаушы мен жартылай қорғаушы «Қайрат» футбол мектебінің түлектері. Олармен бірге оқығандардың қатарында қазіргі Қазақстан құрамасының Жамбыл Көкеев, Бауыржан Джолчиев, Марк Гурман сияқты ойыншылары бар. Естеріңізге сала кетсек, Бауыржан Джолчиев өткенде АПОЛ-ге гол соққан отандық спортшы. Қазіргі таңда Астана құрамасының сабында Чемпиондар лигасында ойнап жүр. Жамбыл Көкеев Уэмблиде Англия құрамасының қақпасына гол соғып, сол ойында есеп ашқан қазақстандын футболшы. Марк Гурман – ұлттық құраманың негізгі қорғаушысы.

Арман мен Дильенный әріптесі Ильяс  та «Мистерионс» тобына келмес бұрын футболшы болды десек қателеспейміз. Шабуылшы позициясында ойнайтын Ильяс «Цесна» футбол академиясының түлегі.

«Арай» тобының әншісі Рысбек Аташ «Каспий» жасөспірімдер футбол  мектебінде жаттығып, сол клубта өнер көрсеткен. Әншіліккі кетпесе, бұл шабуылшының кәсіби футболшы болып кетуі әбден мүмкін болар еді.

Ауылдың нағыз таланты болған Жұбаныш Жексенұлы Шымкент футбол мектебінің түлегі. Мектеп бітіргенге дейін ойнап, содан кейін өнерге кетіп қалған.

«Ринго» тобындағы Батыр да нағыз теңбіл доптың шебері. Кішкентай кезінен мектеп құрамасының қақпашысы болған. Кім білсін, қолына жарақат алмағанда қазір эстрадада емес, отандық футбол клубтарының бірінде өнер көрсетіп жүруші ме еді?

Батырдың «Ринго» тобындағы әріптесі Аян Бірбаев та бірнеше жыл қазақ-түрік лицей құрамасының капитаны болған. Тіпті құраманың үздік ойыншысы атанған деген ақпарат бар.

Эстрадамыздың сүйікті жұбы Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Қожахметов та ән әлемін таңдамас бұрын футболмен кәсіби түрде айналысты.  Бұл қорғаушы «Спутник» футбол мектебінің түлегі. Жас әнші жоғарыда аталған әріптестері сияқты спортты толығымен тастап кетпей, казіргі таңда жұлдыздардан құралған «Алатау» футбол  клубында өнер көрсетуде.

«Алатау» футбол клубы туралы қысқаша айтып кететін болсақ, клубтың президенті  - «Асыл» тобының продюссері Ғалымжан Арыстанбекұлы.  Ғалымжан аталмыш әншілердің футболды тастамай, әншілік өнермен қатар алып жүруге мүмкіндің берді. Үздік өнер иелерін жинап «Алатау» футбол командасын құрды. Басқа да футбол клубтары сияқты бұл қлубтың  ережелері, жаттығу графиктері, ойыншылардың жалақысы, т.б.  бар. Команданың  бас бапкері  кезінде «Қайсарда», «Қайратта» ойнаған, кейін сол командаларды жаттықтырған Қазақстан құрамасының мүшесі  болған - Марат Есмұратов.

Ғалымжанның қол астындағы футболшылар биылғы жылдың жаз мезгілінде Мәскеуде өткен ойында өзінің тобында екінші орын алып, екінші орын алған командалар арасында бірніші орынға ие болды. Сол чемпоинатта Абдулкарим Каримов үздік қақпашы атануымен бірге турнирдың үздік ойыншысы атағына ие болды.

comode.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста