Әншілеріміз қай ұлттың мәдениетінің дамуына үн қосып жүр? (видео)

Әншілеріміз қай ұлттың мәдениетінің дамуына үн қосып жүр? (видео)

Әр ұлттың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Әрбір ұлттың ұлттық киімінен, ұлттық тағамдарынан, ұлттық салт-дәстүрлерінен бөлек еш өзгермейтін өзге ұлттың киімін киіп, өзге ұлттың тағамы алдында тұрса да тіпті өзге тілде сөйлеп отырса да оның дауысы, сөйлеу мәнері, ән айтқандағы әуені оның қай ұлттың өкілі екенін адаспай табуға ықпал ететіндей. Бізде қайдам, біраз өзге елдің әншілерінен осыны аңғарамыз. Мәселен Әлішер Каримовтың әрбір әнінің әуенінен өзбек ұлтының бояуын анық байқауға болады. Қазақ сахнасында талай жылдан бері қазақ тілінде ән шырқап жүрген, талай қазақтың сүйіп тыңдайтын әншісі Әлішердің өзбек ұлтынан екені әмбеге аян. Әлішер де хит ән көп, әр әнінің әуені өзінше ерекше. Бірақ бір біріне мүлдем ұқсамайтын әндерінен өзбектің әуені құлаққа анық естіледі. Қазақ тілінде, қазақ сахнасында ән айтып жүрсе де қанындағы ұлттық ерекшелігі оны жібермей тұрғанын көріп, еріксіз қызғанасың. Қазақтың «қанына тартпағанның қарсы сынсын» деген мәтелін еріксіз мойындайсың.

Басқаны қайдам, мен өзім Әлішер арқылы өзбек мәдениетін, өзбек әуендерін мойындайтын болдым. Тойларда қазақша ән айтып тұрған Әлішердің, өзбекше әуеніне өзбекше дөңгеленіп билеп жүріп, тұтас өзбек ұлтын мойындағандай болам. Тіпті әрбір өзбек киносында кездесетін ұлты өзбек қыз-келіншектердің ала көйлектеріне қарап, ұлттық ерекшеліктерін анық аңғарамын. Қызғанамын. Осы орайда біздің әншілеріміз ұлттың ұлтқа тән ерекшеліктерін паш ете алып жүр ме? Кейде жеті нотадан қоңыр үнді, қазақы әуенді табу қиын ба дейсің еріксіз.
Күні кеше танымал продюсер Баян Есентаеваның КешYOU тобынан шығып, жеке өнер көрсетуді бастаған Кәмшат Жолдыбаеваның «Сүйіктім» атты әнге түсірген жаңа бейнебаянын көрдім. Үйдегі теледидарымызды үндінің кинолары жаулап алғаны аздай, үнді елін іздеп барып үндіше стильде клип түсіру кімге керек? Үндінің ұлттық киімі - сариі, үндінің ұлттық биі, үндінің ұлттық әшекейі, үндінің пілі, үндінің ұлттық музыкалық аспаптары, үнді елі, тұтастай үндінің стиліндегі ән. Қазақ тіліндегі әнді өзге ұлттың мәдениетін паш етіп орындау кім үшін керек? Жалпы Кәмшат Жолдыбаева ханым қай елдің ұлттық өнерін дамытуға күш салып жүр өзі?
Гоада түсірілген бейнебаян екі күн ішінде 33 437 рет көріліпті. Халық алдына не ұсынылса соны көреді. Қазақы, ұлттық бояуы мол, ұлттық киімдер мен ұлттық нақыштағы өнерімізді бүгінгі заманауи өнермен астастырып, қазақы клип түсіргеннен гөрі әншілерімізге өзгелерден ұрлап жырлап, түсініксіз тілде «пиялап» ұлтқа дәбара нәрсені ұсынған оңай секілді. Халық амалының жоқтығынан еріксіз көреді. Сондықтан екі-ақ күн ішінде осынша көрсетілімге ие болыпты деп сүйіншілетудің де қажеті жоқ секілді.
Жалпы соңғы кездері әншілерімізден қазақы бояуы мол, қоңыр қазақы үнді сирек еститін болдық. Қазіргі таңда елімізде қырғыз, өзбек, түрік, армян, латын американдық стилдегі әндер ұрланып, көп орындалып жүр. Сәйкесінше сол елдердің стилінде ән шырқаған әншілеріміз көбейіп барады. Жасыратыны жоқ, үйдегі «көк жәшікте» үндінің кинолары көбейгелі бері үйдегі кішкентайларымыз да орамалға оранып, маңдайларын бояп, мойындарын себепсіз қозғалтып сөйлеуі жиіледі. Демек ұлттық идеология тұрғысынан алғанда біз өзгелердің ұстанымдарын дәріптеп, соларды жарнамалап отырмыз. Бұл бетімізбен кете берсек қазақы әуенді әнді ұмытып, ұлт ретіндегі ерекшелігімізден айрылмасызға кім кепіл?! Сонда ұлтқа кім қызмет етеді? Қазақ мәдениетін кім көтереді? Жалпы әншілеріміз қай ұлттың мәдениетінің дамуына үн қосып жүр өзі? Осы орайда ұлттың мүддесіне кері әсер етіп, ұрпағымызды өзгелердің мәдениетін жарнамалаумен улап жүрген әншілерді сахнадан аластау керек секілді...

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста