Әсел Сағатова "Рэкетир-2" фильміне ұлымен бірге түскенін айтты

Әсел Сағатова "Рэкетир-2" фильміне ұлымен бірге түскенін айтты

Қазақстандық актриса әрі модель Әсел Сағатова "Рэкетир-2" фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, ол сценарийді оқымастан, картинаға түсуге келісімін берген.

"Фильмнің бірінші бөлімі шыққаннан кейін-ақ оның жалғасы болады деген әңгіме тарады. Бірақ оның қай кезде түсірілетінін ешкім білген жоқ, ал көрермендер жалғасы бола ма деп сұрайтын, сөйтіп жүргенде бір күні маған Satai film-дегілер хабарласып, жалғасының түсірілетінін айтты. Мен әрине қатты қуандым, себебі бұл сәтті көпшілік күтіп жүр", - дейді Әсел Сағатова.

Екінші бөлімде басты кейіпкер Саян Беккәрімовтің (Саят Исембаев) қылмыстық әлемнен бойын аулақ ұстап, үлгілі отағасын сомдайтыны белгілі болды. Оның және оның әйелі Әселдің (Әсел Сағатова) үш баласы болады. Балаларының бірінің рөлінде актрисаның алты айлық ұлы Алдияр ойнайды. Сағатованың айтуынша, ұлымен екеуінің гонорары ортақ болыпты және соңында тең бөліскен. Актриса түсірілім кезінің оның ұлының тістері шыға бастаған сәтпен қатар келгенін мойындады, сондықтан ол ұйқысы қанбастан түсірілімде жүріпті.

"Фильмге ұлымыз екеуміздің түсетініміз аяқасты болды. Режиссер екеуміз мен сомдайтын кейіпкер жайында сөйлестік. Ақан оның балалары болатынын айтып, ұлыммен түсу туралы ұсыныс жасады. (...) Мен аздап қорқақтадым, себебі көпшіліктің алдына уақытынан бұрын ұлымды шығарғым келмеді. Бірақ түсірілім алаңында таныс адамдардың болатынын білдім, тіпті жақындарым деуге болады, сондықтан келістім. Бір таңғалғаным, балам түсірілім кезінде мазасызданған жоқ, өзін жақсы ұстады. Мен түскен қойылым көп бола қоймады, дегенмен әрбір күн есте қалды. Кей түсірілім баламның тістері шыға бастаған сәтпен тұспа-тұс келді, көз ілмеген түндерім болды. Өте қиын болды", - дейді актриса.

Көрермендер картинаның бірінші бөліміне түскен актерлармен қатар жаңа кейіпкерлерді көре алады, олар: Дастен Шәкіров, Максим Акбаров, Азамат Сатыбалды, Аружан Жазылбекова, Аян Өтепберген, Жанар Дұғалова, Фархад Әбдірайымов. "Рэкетир-2" фильмі 28 мамырда прокатқа шығады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста