Байдың қызы да емеспін, демеушім де жоқ: "Жұлдызды жекпе-жектің" жеңімпазы Гүлсім Мырзабекова шындықты айтты

Байдың қызы да емеспін, демеушім де жоқ: "Жұлдызды жекпе-жектің" жеңімпазы Гүлсім Мырзабекова шындықты айтты

Қазақстандық жас әнші, "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының жеңімпазы Гүлсім Мырзабекова сұхбат берді. Өнерге жаңа қадам басқан әнші жоба жайлы, өмірлік мақсаты жайлы баяндады. 

Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтылды. 

 

Гүлсім Мырзабекова 1991 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абыралы ауданы, Доғалан атты киелі елді мекенде дүниеге келді. Ата-анасы қазақтың салт-дәстүрін мықтап ұстанған жандар. Өзі де қазақы отбасында, қазақы тәрбиеге сусындап өскен. 

"Әкем желтоқсаншы. Анам дирижер мамандығын оқыған. Бірақ жұмыс істеген жоқ. Екеуі де қазақ десе, жанын беретін, қазақты жақсы көретін жандар. Бізді де қазақи тәрбиемен, қазақ тілінде сөйлетіп өсірді. Мен байдың қызы да емеспін. Артымда тіреп тұрған демеушім де жоқ. Отбасымда үш қызбыз. Мен үйдің үлкенімін. Екі сіңлім бар", - деді әнші. 

Гүлсім Мырзабекованың айтуынша, әлі тұрмысқа шығуға асықпайды. Дегенмен бәрі жаратқанның бұйрығымен болады деп үміт етеді. Өмірлік жолдасын әкеіне қарап таңдаймын дейді.

"Анам керемет адам. Сондықтан болар әкем оны жақсы көріп, сыйлап тұрады. Отбасына, жарына адал адам. Қазаққа, адамға жаны ашығыш. Әр іске адал көзбен қарайды. Менің өмірлік жарым дәл әкемдей болса деп армандаймын. Әр қыз бала әкесіне ұқсаған адам таңдайды деген рас", - деді ол.

Гүлсім Мырзабекова 8 жыл бойы "Формат" тобында өнер көрсетті. Алайда жеке әнші ретінде бөлініп кетті. Түрлі жарыстарға қатысты. Тіпті Украинаға аттанып, "Дауыс" байқауына қатысып  қайтты. 

Бұған дейін "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының екінші орын жүлдегері Назарбек Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковті мойындамайтыныны айтып, сұхбат берген еді. Тоқтар Серіковті аға деп те атамаймын, маған сын айтатын ешкім емес деген пікір айтты. Жобада жеңімпаз алдын ала дайындалады деп сөккен еді. 

"Менің Жұлдызды жекпе-жекке қатысудағы мақсатым - жеңіс болған жоқ. Мені халық көрсе, естісе екен дедім. Мен секілді әнші барын білсе екен дедім. Себебі жеңіссіз-ақ жақсы әнші болуға болады. Сүйікті әншіге айналуға болады. Ал, Назарбек айтқандай қазақты ұрандайтпай айту керек дегенге келіспеймін. Қазақ туралы мұрнымның астынан міңгірлеп айта алмаймын. Кеуде соғып айтамын. Тоқтар, Мейрамбек ағаларды жақсы көремін. Жеңгенім үшін айтып отырғаным жоқ. Ол бір бір тұлға. Мейрамбек аға гений. Оларды сынауға тіпті болмайды. Нағыз талант, өнерде өз үлесі бар жандар", - деді әнші. 

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста